×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Ақтөбе облысында газ өңдеу зауыты өртеніп, 4 жұмысшы күйіп қалды

02.05.2023, 09:13
әкімдік

Ақтөбе облысы Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытынан шыққан өртпен төтеншеліктер 15 сағат бойы арпалысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 1 мамыр сағат 15:55 шамасында 112 пультіне Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Жаңажол кен орнынан хабар түскен. Онда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 (жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы) өртеніп жатқаны айтылған.

Күйік шалған 4 жұмысшы тез арада Темір ауданы орталық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр.

 

“Өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылды. Оқиғаның себеп-салдары анықталады”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Тілсіз жау 20:35-те оқшауланып, 2 мамыр 06:20да толық сөндірілді.

Серіктес жаңалықтары