×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Ресейлік компания Ақтаудағы су тұщыту зауытына құрылғы жеткізуден бас тартты

02.05.2023, 09:41
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы үкімет отырысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отырыс барысында премьер-министр Құлжановтан «Ақтаудағы Каспий су тұщыту кәсіпорны әлі күнге дейін іске қосылған жоқ. Жоспар қандай?» деп сұраған.

Бұл сұраққа жауап берген әкімнің орынбасары Каспий су тұщыту зауытына өнімділігі тәулігіне 40 мың текше метрге арттыру жобасына 12,6 млрд теңге көзделгенін, қазір жоба 80 пайызға орындалғанын мәлім етті. Оның орындалу уақыты – 2023 жылдың маусымы болуы керек болған.

«Бірақ қазір Ресейдің «Келдыш орталығы» компаниясы өз міндеттерін орындаудан бас тартып отыр. Себебі әлемдік геосаяси жағдаймен байланыстырады. Сол себептен Біріккен Араб Әмірліктерінің Metito Overseas Limited мекемесімен су тұщыту құрылғыларын жеткізу жөнінде шарт жасасты. Жоба құны сондықтан 18,1 млрд теңгеге қымбаттады. Үкімет резервінен 5,6 млрд теңге бөлуге ықпал етуіңізді сұраймыз. Аталған қаражат бөлінсе, жоба толықтай 2023 жылдың тамыз айында тапсырылады», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары