Ресейлік танымал әнші, "Ласковый май" тобының солисі Юрий Шатунов 48 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы басылымға әншінің директоры Аркадий Кудряшов мәлімдеген.
Өнер иесінің қайтыс болғанын медицина саласындағы екі дереккөз де растаған. Басылымның жазуынша, әнші инфаркттан көз жұмған.
Айта кетейік, Юрий Шатунов 1973 жылы Башқұртстанда дүниеге келген.