ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының бұйрығымен Мақпал Жұмабай Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ұлттық-ғылыми практикалық орталығының Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов жаңа Бас директорды ұжымға таныстырып, кірісіп жатқан қызметіне табыс тіледі.
Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай 1985 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының «Кино және телевизия» фаультетін бітірген. Осы мамандық бойынша ғылым магистрі.
2003-2008 жылдар аралығында республикалық «Ана тілі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы;
2008-2011 жылдары – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Таңғы бағдарламалар бірлестігінің редакторы, шеф-редакторы;
2011-2013 жылдары – «Балапан» телеарнасының шеф-редакторы, продюсері.
2014-2018 жылдары – Қазақстанның ашық кітапханасы www.kitap.kz жобасының жетекшісі.
2018 жылдан бастап «Balapan» телеарнасының директоры болып қызмет атқарып, 2021 жылғы 20 қыркүйектен «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары болды.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.