×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Астанада балабақша өртенді

02.05.2023, 15:46
Фото: instagram.com/astanovka98

Елордадағы балабақшалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.

«2 мамыр күні сағат 15:29-да Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшесіне Хлудов көшесі, 1 мекенжайында балабақша өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер балабақша шатырының жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылар дереу адамдарды іздеуге кірісті. Балабақша әкімшілігінің айтуынша, барлық баланы өрт сөндіру қызметі келгенге дейін эвакуациялаған», - делінген хабарламада.

Соңғы мәлімет бойынша, өрт 16:15-те оқшауланды.

Өрт сөндіру қызметі оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары