×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

21 жастан асқан шетел азаматтары кіре алады: Бұдан былай казино қызметі заңға қайшы емес

24.06.2022, 10:12
фото: ашық дереккөзден

Қырғызстанда ойын мекемелерінің қызметін заңдастыру туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жогорку Кенеш депутаттары аталған құжатты екінші және үшінші оқылымда мақұлдаған.

Кабар агенттігінің дерегінше, казинолар Ыстықкөлдің жағалауынан ашылмақ. Оған 21 жастан жоғары шетел азаматтары ғана кіре алады.

Бұдан былай бұл заң дәстүрлі ойын мекемелеріне ғана емес, сонымен қатар онлайн-казиноларға және осы қызмет түрін жарнамалауға рұқсат береді.

Қырғызстанағы ойын қызметі кәсіпкерлік қызметтің лицензиялауға жататын түрі болады. Лицензиялау ақылы негізде жүзеге асырылатын болады. 

Казиноның жұмысына Қырғызстанда 2012 жылдан бастап, ал букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға 2015 жылдан бастап тыйым салынды. Мемлекет мүлкі мен жиған ақшасынан ұтылған адамдардың туыстарының көптеген наразылықтарынан кейін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болды.