×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Депутат мандатын тапсырған Башинская Amanat партиясынан да шығарылды

03.05.2023, 11:49
Депутат мандатын тапсырған Башинская Amanat партиясынан да шығарылды
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісіне «Amanat» партиясы Фракциясының жетекшісі - партия төрағасының орынбасары Елнұр Бейсенбаев айтты.

«Былтыр Сарытау ауданында Аманат партиясының аудандық филиалының төрағасы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды террориске теңеп, сотқа тартылды. Сот оны ақтап шыққанымен, желтоқсаншылар әлі де әділеттілікті талап етіп жүр. Осы жолы Алматы қалалық мәслихатының депутаты Анна Башинская Украина президентіне ақыл айтып, ол да үлкен резонанс туғызды. Осы жағдайлар Аманат партиясының ішінде консолидация жоқтығын білдірмей ме?» деген сұрақ қойылды Бейсенбевқа.

Бұл сұраққа жауап берген Бейсенбаев Сарытау ауданындағы Ловягина деген азамат та былтыр партия қатарынан шығарылғанын мәлім етті.

«Башинская расында да партия мүшелігіне жаңадан келген. Жаңа азамат. 8-ші шақырылымда мәслихатта депутат болған. Иә, абайсызда қателікке бой ұрды. Оны мойындады. Әлеуметтік желіде пікірін білдірді. Депутаттық мандатына байланысты шешімін шығарып, депутаттықтан кетті», - дейді ол.

Бейсенбаевтың айтуынша, партия саяси организм ретінде қателіктер болуы мүмкін.

«Ол партияның репутациясына нұқсан келтірді деп айта алмаймын. Партия халықаралық істерге араласпайды. Өзге мемлекеттердің президенттерінің мәлімдемелеріне біз пікір білдірмейміз. Бұл – тікелей Аманат партиясының позициясы», - деді ол.

Бейсенбаев Башинская депутаттық мандатпен қатар, партия қатарынан да кеткенін мәлімдеді.

Бұған дейін Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымындағы «Аманат» партиясынан сайланған депутаты Анна Башинская Украинаның Қырымды өз бақылауына қайтарғысы келетініне қатысты  екіұшты пікір айтқан болатын.

Deutsche Welle Украина президенті Владимир Зеленскийдің жоспарлы қарсы шабуылды және аннексияланған Қырымды Украина бақылауына қайтаруды жариялаған сөзін жазған.

Башинская жазбаның пікір білдіретін қатарына Зеленскийге Түркияға шабуыл жасауға кеңес береді.

Депутаттың шағын пікірі әлеуметтік желіде қызу пікір талас тудырды. Қазақстандықтар Башинскаяны Ресей мен Путиннің саясатын қолдады деп айыптады.

Кейін ол тағы бір пост жариялап, сөзі үшін барлығынан кешірім сұрады.

"Фейсбуктегі Deutsche Welle-де Украина президентінің мәлімдемесіне ойланбастан түсініктеме жазыппын. Мен Түркия туралы жазғанда мүлде дұрыс емес нәрсені меңзеген екенмін. Бауырлас түрік халқынан кешірім сұраймын! Украина мен Ресей халықтарына тек бейбітшілік тілеймін. Мен бұл мәлімдемені "Фейсбуктегі Deutsche Welle"-те жаздым. Кешіріңіз, бұл менің қателігім, бұл жағдайға менің пікір білдіруге құқым жоқ, біздің өз еліміз бар, мен депутат ретінде ең алдымен оның амандығын ойлауым керек», - деп жазды ол.