×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Алматы әуежайының жаңа терминалы қашан ашылатыны белгілі болды

04.05.2023, 09:03
gov.kz

Алматының жаңа әуежайы келер жылы жұмыс істей бастамақ. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов пен TAV Airports холдингінің президенті Серкан Каптанның кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлихан Смайылов Түркия – Қазақстанның сауда-экономика, инвестиция, сондай-ақ көлік саласындағы негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

«Біз еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлеміз. Бүгінде Үкімет алдында Қазақстанның сенімді континенттік транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейту міндеті тұр», — деді ол.

Премьер-министр TAV Airports Холдингінің Алматыдағы жаңа халықаралық терминал құрылысы бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға қатысуы маңызды деп атап өтті.

«Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі әуежайлардың бірі әрі стратегиялық маңызы зор. Жаңа терминал құрылысы жолаушылар тасымалын айтарлықтай арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына жоғары деңгейдегі жайлы қызмет көрсетеді деп күтеміз», — деді Смайылов.

Өз кезегінде Серкан Каптан компанияның Қазақстандағы қызметі мен өндірістік мәселелері жайлы, сонымен қатар еліміздегі басқа да жобаларға қатысуды жоспарлап отырғанын айтты.

«Біз үшін Алматы әуежайы маңызды жобалардың бірі, өйткені ол Орталық Азияның қақ ортасында орналасқан және қала үшін де, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз оны мүмкіндігінше тезірек дамытуға тырысамыз. Жаңа терминал келер жылы жұмыс істей бастайды деп үміттенеміз», — деді ол.

Серіктес жаңалықтары