×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Қызылордалықтар сусыз, жарықсыз қалды

25.06.2022, 11:25
Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты "KEGOC" компаниясының қосалқы станциясынан шығатын әуе желілерінің бойында ақау шықты, деп хабарлайды

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы Абай Тағыберген өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты "KEGOC" компаниясының қосалқы станциясынан шығатын әуе желілерінің бойында туындаған ақау салдарынан қала аумағында ауыз су тоқтатылып, электр жарығы өшірілді. Мамандардың шұғыл жұмыстары нәтижесінде ауыз су қайта беріле бастады. Электр жарығын қосу жұмыстары жүріп жатыр", — делінген жазбада.

Айтуынша, бұл мәселені өңір басшысы өз бақылауына алған. Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов ақау орын алған қосалқы станцияға барып, сала мамандарымен бірге мәселені анықтап жатыр.

Абай Тағыберген электр жарығы жақын арада қосылатынын айтып, уәде берді.