×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Павлодар тұрғыны WhatsApp-тағы дауыстық хабарлама үшін 4 жылға сотталды

04.05.2023, 14:29
фото: ашық дереккөзден

Павлодар қаласының № 2 соты ұлттық алауыздықты қоздыру және ұлттық ар-намыс пен қадiр-қасиеттi қорлау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың 1 қаңтарында масаң күйде болған азамат "WhatsApp" мессенджерінің жалпы тобына мазмұнында ұлттық алауыздықты қоздыруға және қазақ ұлты өкілдерінің ар-намысы пен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған 3 дауыстық хабарлама жолдаған.

Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттық дәлелдемелермен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденгені айтылады.

Ұлттық алауыздықты қоздыру және ұлттық ар-намыс пен қадiр-қасиеттi қорлағаны үшін (ҚК 174-бабының 1-бөлігі) заңмен негізгі жаза ретінде ең жоғары мерзім 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

“Жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын, кінәсін толық мойындауын және шын жүректен өкінуін, асырауында екі жас баланың болуын ескере отырып, сот 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – делінген ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары