×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Омбыда әскери комиссариат ғимаратын өртеген қазақстандыққа үкім шықты

04.05.2023, 17:34
көрнекі фото

Омбыдағы әскери комиссариат ғимаратын өзінің танысымен бірге өртеп жіберген қазақстандық 13 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАСС агенттігінің жазуынша, 1-ші Шығыс аудандық әскери сотының шешімімен Аңсаған Молдахметов Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205-бабының 2-бөлімінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 13 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Сот 2022 жылдың мамырында Telegram мессенджерінде сотталған адам анонимді пайдаланушыдан 6 миллион теңгеге (шамамен 1 миллион рубль) әскери комиссариат ғимаратын өртеу туралы ұсыныс алғанын анықтады.

Ер адам мен оның танысы Сейіл Мұратұлы Омбыға келіп, тапсырыс беруші ұсынған нұсқаулыққа сәйкес тұтандырғыш қоспасы бар бөтелке дайындаған. Түнде олар орталық және кеңестік округ бойынша әскери комиссариат ғимаратын өртеп, қашып кетті. Молдахметов Қазақстан аумағынан Ресейге кірмек болған кезде Ресей құқық қорғау органдарының үйлестірілген іс-қимылдарының нәтижесінде ұсталды. Оның серіктесіне мемлекетаралық іздестіру жарияланды.

Серіктес жаңалықтары