×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қазақстандық Сергей Морозов UFC-де жеңіске жетті

26.06.2022, 10:24
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-5) Лас-Вегаста (АҚШ) кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

UFC Vegas 57 турнирі аясында өткен жекпе-жекте, Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пайвамен (21-4) үш раунд бойы айқасып, қортындысында төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл Морозовтың UFC турниріндегі төртінші жеке-жегі. Қазақстандық файтер Умар Нурмагомедов және Даглас Сильва де Андрадеден жеңіліп, Халид Таханы жеңген болатын.

Ал бразилиялық спортшының бұл UFC-дегі жетінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін тағы бір қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловты (14-7) жеңген еді.