×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Бурабайда демалушылар үш жасөспірім қызды құтқарып қалды

26.06.2022, 10:27
Ақмола облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі

Оқыс оқиға Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде болған, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz порталы Ақмола облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көл жағасында демалмақ болған үш жас қыз суға түсіп, жағадан алыстап кеткен. Қыздарға көмек керегін түсінген демалушылар оларды құтқарып қалды.

Екі қызды бірден құтқарып, үшінші 14 жастағы қыз судан шығарылғанда ес-түссіз болған. Демалушылардың бірі оған алғашқы медициналық көмек көрсетіпті.

“Судан алып шыққан кезде, қыздың жүрек қағысы әлсіз болды. Ол "өкпенің ісінуі" диагнозымен аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді”, — деп мәлімдеді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.