×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

G7 елдері Ресейден алтын импортына тыйым салмақ

26.06.2022, 13:46
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

G7 көшбасшылары (Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Жапония және АҚШ) Ресейден алтын әкелуге тыйым салу туралы келісімге қол қоймақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы шешім G7 саммитінде қабылданады.

Саммит 26-28 маусым аралығында Баварияда Германияның төрағалығымен өтеді. Жиын барысында келіссөздер легі басталды. 28 маусым ресейлік алтын импортына тыйым салатын құжатқа қол қойылады деп күтілуде. 

Бұл шектеу қабылданған жағдайда Ресей мен Украина арасындағы геосаяси тұрақсыздық басталғаннан кейін енгізілген қолданыстағы санкцияларды толықтырады.