×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Әлнұр Ілияшев 5 тәулікке қамалды

05.05.2023, 13:25
adamdar.ca

Белсенді Әлнұр Ілияшев "сот үкімін орындамағаны үшін" бес тәулікке қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Азаттықтың” хабарлауынша, белсендінің қамалуына 9 сәуірде "Халық парламентінің" жиынына қатысуы себеп болған.

Алматы әкімшілік сотының мәліметінше, "қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысу құқығынан айырылғанын біле тұра", Ілияшев 1 сәуірде тіркелмеген "Халық парламентінің" жиынына қатысқан.

2020 жылы маусымда сот "жалған ақпарат таратты" деп айыпталған Ілияшевтің бостандығын үш жылға шектеген еді. Белсенді билікті сынап жазған жазбасынан кейін айыпталған. Ілияшев істің саясиланғанын айтып, айыпты жоққа шығарған.

Еске салайық, 19 наурызда өткен Мәжіліс сайлауының ресми нәтижесімен келіспеген "Халық парламенті" өкілдері 9 сәуірде Алматыда алаңға жиналып, митинг өткізген.

Көп ұзамай полиция митингке қатысқандарды ұстай бастады. 13 сәуірде  Алматыда сайлау қорытындысына қарсы митингке қатысқаны үшін белсенді Асылбек Қараев 15 тәулікке қамауға алынды.

Одан бұрын Алматыда тағы бір белсенді Әлнұр Ильяшев ұсталған болатын. 

Сондай-ақ, Мұхтар Тайжанның 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

Ал Рысбек Сәрсенбайұлына митингке қатысқаны үшін 172 000 теңге айыппұл салынғаны хабарланды.

18 сәуірде адвокат Мұрат Адам мен кәсіпкер Санжар Боқаев Алматының әкімшілік сотына талап арыз беріп, 19 наурызда өткен Мәжіліс сайлауының заңсыздығы туралы мәлімдеді. Олар хаттамалардың көшірмесін беруді талап етті.

Серіктес жаңалықтары