×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қара алтын қымбаттай бастады

05.05.2023, 14:42
nws.today

Әлемде мұнай бағасы көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Интерфакс порталының жазуынша, Лондондағы ICE Futures биржасындағы Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің құны жұма күні Мәскеу уақытымен сағат 8:04-де барреліне 73,21 долларды құрады. Бұл алдыңғы сессияның жабылу кезінде тіркелген бағадан 0,71 долларға артық. Бейсенбі күні бұл келісімшарттар баррель үшін 0,17 долларға дейін қымбаттап, 72,5 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында WTI маркалы қара алтынның маусым айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 0,63 долларға дейін өсіп (0,92%), 69,19 долларды құрады. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша келісімшарттардың құны барреліне 0,04 долларға азайып (0,1%), 68,56 долларды құрады.

Жуырда Еуропалық орталық банк үш негізгі пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтерді. Оған сәйкес несиелер бойынша базалық пайыздық мөлшерлеме 3,75%-ды, депозиттер бойынша – 3,25%, маржиналдық несиелер 4 пайызды құрады.

Сәрсенбі күні АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі де негізгі пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтерді.

Бұдан бөлек, Сауд Арабиясы маусым айында Еуропа елдеріне жеткізілетін мұнай бағасын көтеретіні белгілі болды. Бұл ретте азиялық сатып алушылар үшін жанармай бағасы арзандайды. Saudi Aramco мемлекеттік компаниясының хабарлауынша, келесі айда АҚШ-қа жеткізілетін мұнай бағасы өзгеріссіз қалады. Өз кезегінде Arab Light маркасы барреліне 0,5 долларға арзандайды.

Серіктес жаңалықтары