×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Жапония Ресейге қарсы санкцияларды күшейтті

27.06.2022, 09:55
Фото: Ашық дереккөзден

Токио ресейлік 70 адам мен ұйымның активін бұғаттап, қорғаныс саласындағы керек-жарақтың 90 түрін Ресейге экспорттауды тоқтатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида Германиядағы G7 саммитінде күншығыс елі ресейлік алтынның импортына тыйымды қолдайтынын және ол елге аудиторлық қызмет көрсетуден бас тартатынын хабарлады.

«Тарихи жолайрықты тұрмыз. Ережелерге негізделген әлемдік тәртіпті сақтай аламыз ба, жоқ па? Мәселе осында. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шеңберінде тиісті деңгейде шараларды қабылдау қолдан келмей жатыр», - деп қосты Кисида.

Айта кетерлігі, осы айдың басында Жапония Ресейге қарсы санкциялар тізімін ұзартып, олардың қатарына Россельхозбанк пен Мәскеу несие банкті де қосқан. Оған дейін Токио ресейлік 398 жеке тұлға мен 28 ұйымға қарсы шектеу шарасын енгізген.

Жапония Ресейге сән-салтанат бағытындағы заттарды, сонымен бірге люкс санатындағы автокөліктер мен мотоциклдерді кіргізуге, жеке компюьтерлерді, қымбат алкогольдік сусындар мен жоғары технологиялы тауарларды, тіпті 3D-принтерлерге дейін кіргізуге тыйым салған. 17 маусымнан бастап Ресейге жүк көліктерін, самосвалдар мен бүлдөзірлерді кіргізуге шек қойған. Ресейден ағаш өнімдерінің түрлерін импорттаудан бас тартқан.