×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Төле би ауданында үндістандық екі студент суға батып кетті

27.06.2022, 10:05

Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары шетелдік екі студентті іздеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, оқиға жайлы хабарлама 2022 жылғы 26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да түскен. Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат жеткен.

21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника,  Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы жұмылдырылған. Түркістан облысы ТЖД судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.