×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Алматыда заңсыз салынған тағы бір ғимарат сүрілді

05.05.2023, 17:26
Алматы әкімдігі

Алматыда Бөгенбай батыр көшесі, 24 үй мекенжайында орналасқан заңсыз салынған құрылыс нысаны сүрілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы құрылысын бақылау басқармасының талабы бойынша тұрғын емес үй-жайлар жөніндегі сот процестері ұзақ уақытқа созылды. 2022 жылғы 17 қаңтарда Медеу аудандық соты өз бетінше салынған құрылысты бұзу туралы қаулы шығарды.

Алайда кейін апелляциялық шағымдар Алматы қалалық сотында және ҚР Жоғарғы сотында қаралды.

«2022 жылғы 30 қарашада Жоғарғы сот бірінші сатыдағы сот пен Алматы қалалық сотының қаулыларын өзгеріссіз қалдырды, содан кейін қаулы қаланың Әділет департаментінің өндірісіне түсті»,- делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен ғимарт бұзылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары