×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Ресей 1918 жылдан бері алғаш рет сыртқы қарызын өтемей жатыр

27.06.2022, 11:13
Фото: Ашық дереккөзден

Ресей 100 жылдан кейін алғаш рет шетел валютасындағы сыртқы қарызы бойынша дефолт жариялау алдында тұр. Мұның ізінше шетелдік кредиторларға төлем жүргізу жолын жапқан Батыс одан да қатты санкцияларды енгізбек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Бірнеше айдан бері Ресей санкцияларды айналып өтудің амалын қарастырып баққан. Алайда өткен жексенбіде 100 миллион доллар мөлшеріндегі пайызды өтеудің жеңілдетілген мерзімі өтіп кетті. Ол қарызды Ресей 27 мамырға дейін өтуі керек болған. Соңғы мерзім өткенде күн – дефолт деп есептеледі.

Мемлекетті экономикалық және саяси тұрғыда қатты шеттететін бұл фактор ендігі кезекте Ресейге үлкен соққы болады. Мемлекеттің еурооблигациялары наурыз айынан бері проблемалық деңгейде сатылған. Центробанктің валюталық резерві бұғатталған күйде. Ал елдегі ірі банктер әлемнің қаржы жүйесінен бөлектеніп қалды.

Алайда экономика мен нарыққа ықпалды ескере отырып, дефолт әзірге символикалық сипатқа ие болатын түрі бар. Өйткені инфляцияны бастан өткеріп, экономикалық тұрғыда құлдырап бара жатқан ресейліктер үшін бұл көп әсер ете қоймайды.

Ресей дофолтқа қарсы шықты. Кез келген қарызды жабуға әзір екенін, қаржысы барын, бірақ бар ақшасы бұғатталып жатқандықтан мүмкін болмай тұрғанын жария етті. Өткен аптада осы даудан арылу үшін Ресей 40 млрд доллар көлеміндегі қарызын рубль күйінде өтейтінін мәлімдеді. Форс-мажор жағдайын қатаң сынға алып, мұны Батыс қолдан жасап отыр деп айыптады.

«Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Бір қарағанда қаражаты бар үкімет басқа елдің үкіметтеріне дефолт жариялауға мәжбүр. Бұл тарихтағы ең ірі дефолт болмақ», - дейді қаржы аналитигі Хасан Малик.

Ресми мәлімдемелер бұған дейін тек рейтингті агенттіктерден тараған. Алайда еуропалық санкциялар ресейлік ұйымдар бойынша рейтинг өткізбейтінін жария етті.

Соңғы мерзімнің өтуіне қарай инвесторлар бұдан ары не істейтіні де шешіледі.

Ресейдің облигация ұстаушылармен күресі енді ғана басталды дейді сарапшылар.

1998 жылы Ресейде қаржы дағдарысы болып, рубль құлдыраған кезде ел президенті Борис Ельцин 40 млрд долларлық жергілікті қарызы бойынша дефолт жариялаған болатын. Ал Ресей соңғы рет шетелдік кредиторлар алдында дефолтты бір ғасыр бастан өткергег. Ол кезде Владимир Лениннің басшылығындағы большевиктер 1918 жылы патша кезеңіндегі қарызды өтеуден бас тартқан.