×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Қырғызстаннан 30 тонна қант кіргізбек болған қазақстандық ұсталды

27.06.2022, 11:52
фото: ашық дереккөзден

Қырғызстаннан 30 тонна қантты Қазақстанға заңсыз кіргізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

«Чон-Капка – Автодорожный» бақылау-өткізу пунктінде жүкті заңсыз әкету фактісін анықталған.

Өткізу бекетіне 38 жастағы азамат жүргізген «КамАЗ» жүк көлігі келген. Ер адам көлікте тыңайтқыштың барын айтқан. Алайда автокөлікті тексеру кезінде шекарашылар 30 тоннаға жуық қант тапты. Ол тәтті өнімді селитра салынған қаптардың арасында жасырған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қазақстан азаматы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.