×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Павлодарда мас ер адам тұрғындарды пышақпен қорқытты

06.05.2023, 15:30
Ашық дереккөз

6 мамыр күні таңертең Павлодарда тұрғындар денесі жалаңаш, қолында пышағы бар, қаланы аралап жүрген ер адамды байқады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Оқиға куәгерлері Академик Сәтбаев көшесіндегі сауда үйінің қасында ер адамды суретке түсіріп алып, полицияға жеткізген.

Оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік бригадалар жіберілді.

39 жастағы құқық бұзушы ұсталды, одан асхана пышағы тәркіленді. Ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Бұл факті бойынша ішкі істер органдары тексеру жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары