Алматының Түрксіб ауданында бірнеше күнге ыстық су өшеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
«Алматы жылу желілері» ЖШС көшелердің контурларында су беру шектелетінін хабарлады:
8-19 мамыр аралығында: Спасская - Днепровская - Клара Цеткин - Урицкий
10 мамырдан 9 маусымға дейін: Закарпатский - Ахметова - Огарева - Қалмаржын
10 мамырдан 17 мамырға дейін: №13 шағын аудан
15-19 мамыр аралығында: Станкевич - Стахановская - Будденного Ганибет
22 мамырдан 26 мамырға дейін: Лисаковская - Волочаевская - Береке - Айша бибі
"Алматы Теплокоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге шектеулер енгізілді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп толықтырды компания.