×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

«ҚазТрансГаз Аймаққа» 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

27.06.2022, 13:44
фото: ашық дереккөзден

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газды көтерме іске асыру қызметі бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары орындамаған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 166-бабының екінші бөлігі бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қолданылмаған соманың он пайызы көлемінде сомасы 5 340 143 теңгені құрайтын айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газды іске асыру саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі бола тұра шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті болған. Алайда, қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып, мекеме 2021 жылға тауарлық газды көтерме іске асыру қызметі бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамаған болып шықты.