×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

“Оян, Қазақстан” белсенділері 15 тәулікке қамалды

07.05.2023, 09:30
Ашық дереккөз

Алматыда «Оян, Қазақстан» қозғалысының белсенділері Дархан Шәріпов пен Влада Ермолчева қамауға алынды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Белсенділер 7 мамырға қараған түні полиция бөлімшесіне жеткізілген. Онда онлайн сот отырысы өтіп, нәтижесінде екеуі де 15 тәулікке қамауға алынды.

Дархан Шәріпов 2022 жылы 20 қарашада өткен президенттік сайлауға қарсы әрекеті үшін сотталды.

Сот оны ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігімен (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) кінәлі деп таныды.

Влада Ермолчева 2023 жылы 26 наурызда өткізген сайлау нәтижелеріне қарсы бір адамдық пикет үшін сотталды.

Сот оны ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігімен кінәлі деп таныды.

Серіктес жаңалықтары