Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде келісімшарт бойынша 7 мыңға жуық әйел әскери борышын өтеп жүр. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Қорғаныс министрлігі әйелдердің қатардағы, сержанттар мен офицерлер қатарында қызмет ететінін мәлімдеді.
Жалпы, әйел жауынгерлер арасында 800-ге жуық офицер, 2 мың сержант және 4 мыңға жуық қатардағы сарбаз бар.
Жеті әйел басшылық қызметте. Олар – Қорғаныс министрінің көмекшісі, Қорғаныс министрлігі департаменті бастығының орынбасары, Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары және әскери госпиталь, база, орталық және лазарет бастығының орынбасары.