Қазақстанда шетелдік IT-компанияларды елге көшіру бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz/
Үкімет отырысында министр өз кәсіпорындарын Қазақстанға көшіру туралы шешім қабылдаған компанияларды атады:
1. Рlarih ($17 млрд, ойын жасау);
2. Tinkoff Вапк ($6,3 млрд, онлайн-банк);
3. Nexters ($1,9 млрд, ойын жасау);
4. InDriver ($1,2 млрд, жолаушылар тасымалы қызметі);
5. Санкт-Петербург биржасы ($1 млрд, биржа);
6. Mutona ($25 млн, ойын жасау);
7. Туре Туре (қаріп студиясы);
8. Lever Travel (онлайн турларды брондау);
9. Red Mad Robot (қосымша жасаушы).
"Қазірдің өзінде нәтиже бар. "Астана" халықаралық қаржы орталығында "Экспат-орталық" базасында бір терезе қағидаты бойынша шетелдік IT-мамандарға арналған арнайы қызмет іске қосылды. Бүгінгі таңда 1 мыңнан астам маманға көмек көрсетілді", – деді Мусин.