Алматы тұрғындары Бостандық ауданындағы №73 мектеп-гимназиясының жағдайына шағымданды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Желіде жан түршігерлік видео тарай бастады.
“Қала орталығындағы білім ошағы қазір өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары сияқты көрінеді”, - дейді камера сыртындағы әйел.
«Шынымды айтсам, бұл тоқсаныншы жылдарды еске түсіреді, тіпті қала орталығында да ахуал солай», - дейді ол.
Бейнежазбадан мектеп қабырғасының опырылып жатқаны, бояуы әлдеқашан түсіп қалғаны байқалады. Жертөле есігін тот басқан.
Пікір білдірушілер қала әкімі Ерболат Досаевты оңтүстік мегаполистегі мектептердің жағдайына назар аударуды сұрайды.