×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Руссофобия, соғыс, агрессивті ұлтшылдық: Путиннің ТМД президенттері алдында айтқан сөзі

09.05.2023, 14:05
Руссофобия, соғыс, агрессивті ұлтшылдық: Путиннің ТМД президенттері алдында айтқан сөзі
Ашық дереккөз

Мәскеуде Жеңіс күніне орай әскери шеру өтіп жатыр. Шақырылған қонақтардың арасында ТМД мемлекеттерінің басшылары бар. Парад барысында Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйледі. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ресей президенті тағы да жұртшылыққа «батыстық жаһандану» мен Ресейге қарсы басталған соғыс туралы айтты.

«Бүгін өркениет шешуші, бетбұрыс кезеңде тұр, Отанымызға қарсы тағы нағыз соғыс басталды, бірақ біз халықаралық лаңкестікке тойтарыс бердік, Донбасс тұрғындарын қорғап, қауіпсіздігімізді қамтамасыз етеміз.

Біз үшін, Ресей үшін Батыста да, Шығыста да дос жоқ, жау халық та жоқ. Жер шарындағы адамдардың басым көпшілігі сияқты біз де бейбітшілікке, еркіндікке, тұрақтылыққа негізделген болашақты көргіміз келеді», - деді ол.

Оның айтуынша, батыс элиталары «қанды қақтығыстарды қоздырып, өшпенділікке, русофобияға, агрессивті ұлтшылдыққа шақырады және отбасылық құндылықтарды бұзады».

«Олар ұлтшылдардың әлемге үстемдік етуді көздейтін ақылсыз талаптары неге апарып соқтырғанын ұмытқан сияқты. Біз бірқатар елдерде кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткіштердің аяусыз жойылып жатқанын, ұлы қолбасшыларға арналған ескерткіштердің қиратылып жатқанын, фашистер мен олардың сыбайластарының орынсыз әрекеттерін көріп отырмыз», - деп қосты Путин.

Бұған қоса, Путин Батыс елдері Ресейді жойып, «кез келген егемен дамушы елдерді тұншықтырғысы келетініне» сенімді.