×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Заңсыз ағаш кескендер аз ғана айыппұлмен құтылатын болды

29.06.2022, 11:45
фото: ашық дереккөзден

Елімізде ағаш кескені үшін салынатын айыппұлдардың мөлшерін екі есе азайту ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілісте Қазақстанның Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейтуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобаларын бірінші оқылымда таныстырған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев заңсыз ағаш кесудің айыппұл мөлшері өзгеретінін мәлім етті.

«Заңсыз ағаш кесудің тұрақты динамикасын ескере отырып, Заң жобасында мынадай көрсеткішті төмендету ұсынылады. Елеулі залал 100-ден 50 АЕК-ке дейін, ірі залал 1000-нан 500 АЕК-ке дейін азайтылмақ. Ал аса ірі залал көрсеткіші өзгеріссіз қалады және 2000 АЕК-ті құрайды»,- деді Серікқали Брекешев.

Сондай-ақ, ол Қлымыстық кодекстің 324, 325, 326, 328, 329, 330 және 333-баптарындағы «Экологиялық залал» термині «залал» деген ұғыммен ауыстырылғанын атап өтті.

«Өйткені қылмыстық заңнамада құқықтық анықтамасы жоқ. Қоғамдық қауіпті зардаптарды анықтауға қатысты ұғымдар Қылмыстық кодексте «ірі залал және iрi мөлшерде» және «ерекше iрi залал және аса iрi мөлшерде» деп бекітілген», - деді министр.