×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Еліміздегі ең үздік роман авторы өмірінің соңына дейін ай сайын 500$ cыйақы алады

29.06.2022, 13:11
фото: ашық дереккөзден

Mecenat.kz ұйымдастырған үздік қазақстандық роман байқауында Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романы топ жарды. Бұл туралы жазушы өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жыртық үйдің құдайы бар» деген. Биыл алғаш рет өткізілген «Қазақстан туралы ең үздік роман» әдеби конкурсының жалғыз бас жүлдесін жеңіп алдым! «Меценат.кз» компаниясы елімізде алғаш рет ұйымдастырған бәйгенің тұңғыш лауреаты болу бақыты бұйырды! Қуаныш та жек жоқ! Құдай көп көрмесін!  Осы конкурста менің романым үшін дауыс берген барлық оқырмандарыма және жан-жақты жанашырлық танытқан жақын туыстарыма шексіз ризашылығымды білдіремін! Алла разы болсын!, - деп жазды қаламгер.

Айта кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін байқау жеңімпаздарының есепшотына ай сайын 500 доллар көлемінде рента түсіп тұрады.