×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

«Айыппұл төлеу үшін несие алған»: Депутат қызғалдақ жұлғандарды жазаламауды ұсынды

29.06.2022, 16:59
фото: ашық дереккөзден

Мәжіліcмен Мәди Елубаев қызғалдақ пен лотос гүлдерін жұлғандарға салынатын қомақты айыппұлды алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттың сөзінше, адамдар өсімдіктердің сирек кездесетін түрін біле бермейді, көбі салынған айыппұлды төлей алмайды.

Қылмыстық кодекстің 335, 336-баптары бойынша жаза қатал. Бүгінде азаматтарымыз жабайы қызғалдақтар мен лотостарды жұлғаны үшін миллиондаған айыппұл төлейді. Көптеген гүлдің Қызыл кітапқа енгізілгенін де білмейді, - деді ол.

Елубаевтың айтуынша, елімізде жабайы қызғалдақты жұлған адам ұсталып, оған 8 млн теңге айыппұл салынған.

Ол айыппұлды төлеуі үшін кредит алған. Осындай адамдар үшін жазаны жеңілдету қарастырыла ма? Тіпті, жабайы қызғалдақ пен лотосты Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер тізімінен алып тастау керек шығар, - деді Мәди Елубаев.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Конституцияның 38-бабына сәйкес Қазақстанның барлық азаматы табиғатты сақтауға міндетті екенін айтты.

«Санкция тек құқықбұзушыларға қолданылады. Сіздің ұсынысыңызды жұмыс тобы аясында қарастыруға дайынбыз», - деді министр.