×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қаңтарда қаза тапқандар Алматы әкімдігіне шабуыл жасағаны үшін сотталды

10.05.2023, 16:41
charter97.org

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қаңтарда  жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, президент резиденциясы мен әкімдікке шабуыл жасау фактісі бойынша 5 айыпталушыға қатысты іс қозғалды

Сотпен айыпталушылардың 2022 жылғы 4-5 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл жасағанын анықтады. Мемлекеттік мекемелер басып алынып, қиратылған, ал сотталушылар жараланып, оқиға орнында жан тапсырған.

“Сотталушылардың кінәләрі алынған бейнежазбалармен, куәләрдің және туыстарының тану туралы хаттамаларымен, жүргізілген сот-медициналық сараптамалары және ұялы телефон болған жердің мәліметтерімен, жәбірленушілердің Алматы қаласы Үкіметіне және Президенттің Резиденциясына шабуыл жасаған және қару қолданғаны туралы жауаптармен расталады.Аталған қылмыстық іс сотпен қарастырылған себебі, яғни тергеу барысында, сотталушылардың заңды өкілдері қылмыстық істі ҚР ҚПК-тің 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағы бойынша қысқартуға қарсы болған”, – делінген сот хабарламасында.

Марқұмдардың бесеуі де кінәлі деп танылды, алайда қаза табуларына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары