Антикор «Атамекен» ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты тергеу басталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа деректер таратуға жатпайды», - делінген ведомство хабарламасында.
Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол «30 миллион доллар парамен» ұсталған. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Абылай Мырзахметов өткен жылдың ақпан айында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы қызметінен кетті.
Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болған.
Сондай-ақ «Қазақстан Теміржолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы, «Самұрық-Қазына» қоры жанындағы Қоғамдық консультативтік кеңестің жауапты хатшысы болды.