×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Атыраулық журналиске жасалған шабуыл: полиция оқиғаның мән-жайдын айтты

11.05.2023, 08:39
видеодан кадр

Ішкі істер министрлігі атыраулық журналист Виктор Сутягиннің көлігінің өртенуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция мәліметінше, 11 мамыр күні сағат 04:21 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының автопатрульдік экипажы Наурызалиев көшесіндегі үйдің жанынан өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрген.

«Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жарылыс белгілері жоқ. Оқиға орнында қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Болған оқиғаның себеп-салдарлары анықталып жатыр. Жәбірленушінің өтініші ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін түнде белгілі журналист Виктор Сутягиннің көлігі жарылып, түгі қалмай өртеніп кетті.

Серіктес жаңалықтары