×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қошанов: Министрлер депутаттар арқылы «жанып тұрған» мәселесін шешіп алғысы келеді

30.06.2022, 11:35
Фото: Ашық дереккөздерден

Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов министрлер депутаттардың сауалдарына сырғытпа жауап беретінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мұндай фактілер бірлі-жарым емес. Қаралып жатқан заң жобаларына өзгерістер толассыз енгізіледі, олардың ішінде жобаның тұжырымдамасына сай келмейтін түзетулер де бар. Соның салдарынан заң жобасының бастапқы концепциясы айтарлықтай өзгереді. Министрлер депутаттар арқылы өздерінің «жанып тұрған» мәселелерін шешіп қалғысы келетін жағдайлар да бар. Бұл Мәжілісте де, Сенатта да қаралу сатысында кездеседі. Осының салдарынан мәжіліс мақұлдаған заң жобасын сенат  түзетулермен қайтаруға мәжбүр болады. Көп жағдайда бұл жаңа түзетулер – Мәжілісте ұсынылмаған және талқыланбаған нормалар болып келеді», - деді Қошанов.

Ерлан Қошанов заң жобаларын сапасыз дайындау және сараптамаларды уақтылы жүргізбеу мемлекет басшысы алға  қойған міндеттерді іске асыруға кедергі келтіруі мүмкін екенін де ескертті. Депутаттардың түзетулеріне қорытындылардың уақтылы берілмеуі де ерекше назар аударуды қажет етеді дейді ол.