×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Зейнетақыны көбейту, ерте зейнетке шығару есептерін жұмыс тобына бердік – министр

30.06.2022, 12:02
Фото: Ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәжіліс кулуарында осылай деді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қаржы министрі мен Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен жұмыс тобы бар. Жұмыс тобында бірінші сатыдан өттік. Енді екінші сатыда министрлердің алдына шығуымыз керек. Одан кейін бюджеттік комиссияға шығамыз. Сондықтан бірінші сатыдағы жұмысты бітірдік», - деді Тамара Дүйсенова мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, екінші сатыдағы жұмыс басталады.

«Жалпы әлеуметтік сала, зейнетақы мәселесі бойынша бұрын да айтқанмын. Қазіргі шығып жатқан зейнеткерлердің зейнетақылары бұрынғы зейнеткерлердің зейнетақыларымен салыстырғанда төмен. Себебі еңбек өтілдері төмен. Сондықтан қазір бірінші мәселе – базалық зейнетақылардың параметрлеріне, яғни оны көбейту мәселесі, екінші ерте зейнетке шығу мәселесін, зейнетақы аннуитеті мәселелерінің бәрін қарастырып жатырмыз. 58-ге келген азаматтың ертерек шығуға мүмкіндігі болмайтын болса, жаңа бағдарлама бойынша барлық есептердің бәрін жұмыс тобына бердік. Жұмыс тобы қарап шықты. Екінші екінші этап болады. Екінші этапта Жамаубаев мырзаға (вице-премьер әрі қаржы министрі) екінші кезеңде осыны кіргіземіз», - деді ол.