×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Елордада Ұлттық спорт университетінің құрылысына қанша қаржы жұмсалады?

30.06.2022, 12:44
фото: ашық дереккөзден

Биыл Нұр-Сұлтанда Ұлттық спорт университетінің құрылысы басталмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған мәліметке сүйенсек, университетті салуға ел бюджетінен 47 193 997 906 теңге бөлінген. Тапсырыс беруші – Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

ЖОО құрылысына байланысты әлі тендер өтпеген. Спорт комитетінің мемсатып алу порталындағы жылдық жоспарға қарағанда, білім ордасын салатын компания ашық конкурста анықталған.

Жаңа университет «Астана қаласындағы олимпиадалық дайындық орталығы» көп функционалды спорт кешені» базасында бой көтермек. Университет құрылысын 2024 жылы аяқтау жоспарланған.

47,2 млрд теңге университет ғимаратының негізгі құрылысына ғана жұмсалады. Ал ғимараттың сыртқы инженерлік желілерінің құрылысына қанша қаржы бөлінетіні беймәлім.