×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Әлия Назарбаеваның хатшысына іздеу жарияланды

30.06.2022, 13:29
фото: ашық дереккөзден

Антикор «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысына іздеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновна күдіктелуде. Шнар Муктароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, Агенттіктің көрсетілген телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз: call-центр 1424; +7 (7172) 909 260», - делінген ведомство хабарламасында.

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Муктарованың Eco WASTE Solutions компаниясы бар екені белгілі болған, ол Әлия Назарбаеваның Luxor Wellness Club СПА-салонымен бірдей мекен-жайда тіркелген.