×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Kcell мен Tele2-ге қатысты тергеу басталды

30.06.2022, 16:09
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматы бойынша монополияға қарсы департамент "Кселл" АҚ мен "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ға қатысты монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша тергеу бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Департамент мәліметінше, "Кселл" 2020-2021 жылдары ұялы байланыс және мобильді интернет қызметтеріне ең жоғары баға белгілеген. Мысалы, кейбір операторларда ұялы байланыс қызметтеріне ең төменгі баға орта есеппен 332 теңгені, мобильді интернет қызметтеріне орташа есеппен 1 022 теңгені құрады.

Байланыс операторлары 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда SMS-тарату тарифтерін орта есеппен 14,03%-ға көтерген. Бұл ретте ең жоғары орташа баға "Қазақтелеком" АҚ тобына кіретін "Мобайл Телеком-Сервис" және "Кселл" операторларында тіркелді. Бағаның ең жоғары өсу қарқыны жөнінен де аталған компаниялар көш бастап тұр.

"Мобайл Телеком-Сервис" –  Tele2 мен ALTEL-дің біріккен компаниясы.

Еске сала кетейік, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыға тиесілі "Қазақтелеком" акциялары мемлекет меншігіне қайтарылды. Маусым айының ортасында үкімет ұялы байланыс саласындағы "Қазақтелекомның" үлесін азайтуды ұсынды.