×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Үкіметтің уәдесі тек сөз жүзінде: Қазақстанда азық-түлік тағы қымбаттады

12.05.2023, 10:39
Үкіметтің уәдесі тек сөз жүзінде: Қазақстанда азық-түлік тағы қымбаттады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жылдық мәнде 10,6%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 10 мамыр/

Айран 2,5% – 407 тг/л;

Қырыққабат – 141 тг/кг;

Күріш – 411 тг/кг.

Еске салайық, 19 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев елімізде инфляция соңғы 15 жылда болмаған деңгейге жеткенін айтып, үкімет мүшелерінің бағаны ұстап тұруға бағытталған қадамдарынан еш нәтиже жоғын мәлімдеді.

“Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады”, – деді мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл Үкімет алдына қойған маңызды міндеттерінің бірі – инфляцияны екі есеге төмендету. 

Бұдан бұрын Серік Жұманғарин журналистердің "Елдегі инфляцияны екі есеге төмендету туралы тапсырманың орындалатынына кепілдік бере аласыз ба?" деген сұрағына жауап берген.

Ал өткен айда Үкімет басшысы Смайылов наурыз айында жылдық инфляция 18,1%-ға дейін баяулағанын айтып мақтанды.

Өкініштісі, Үкімет мүшелерінің баға төмендеп жатқаны жайлы әдемі есептеріне шындықтан алшақ болып тұр.  Елде азық-түліктің көп түрі қымбаттап келеді.