×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Тараздықтардың 47 млн теңгесін жымқырған әйел ұсталды

01.07.2022, 09:47
фото: ашық дереккөзден

Таразда 47 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген әйел ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облысының тұрғындарынан алаяқтық жолмен алдап, қомақты сомада ақшаларын жымқырған белгісіз азаматшаға қатысты арыз түскен. Қалалық басқарманың жедел-тергеу тобымен 34 жастағы азаматша анықталды. Ол қала тұрғындарына төмен пайызбен несие шығарған, алайда ақшаны өзіне иемденген. Алған несие сомалары 500 мыңнан бастап 5 миллион теңге көлемінде болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 47 млн 80 мың теңгені құрайды. Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.