×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Димаштың Алматыдағы алғашқы жеке концерті қашан өтетіні белгілі болды

01.07.2022, 12:43
фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматыда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты концерті өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz өнер иесінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Димаш көптен күткен жаңа концертін Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматыда алғаш рет өткізеді. 

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт нысандарының бірі – Алматының Орталық стадионында өтеді.

Билет сатылымының басталғаны туралы ақпарат Димаш Құдайбергеннің ресми жаңалықтар порталы – DimashNews.com сайтында жарияланбақ.