×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Елімізде бір жылда тауарлар қаншалықты қымбаттады

01.07.2022, 13:46
фото: ашық дереккөзден

Елімізде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда 19,2%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 13,2%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Азық-түлік нарығында жылдық мәнде бағаның ең көп өсуі қантқа – 78,7%-ға, қырыққабатқа – 72,4%-ға, пиязға – 69,3%-ға белгіленді. Картоп бағасының 9,8%-ға төмендеуі байқалды.

Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі 2022 жылғы маусымда (2021 жылғы маусыммен салыстырғанда) 13,2%-ды құрады.

«Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға – 23%, жуу және тазалау заттарына – 20,8%, тұрмыс құралдарына – 19,7%, құрылыс материалдарына – 18,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 18,2%, автомобильдерге – 15,1%, ыдыс-аяққа – 13,9%, тоқыма бұйымдарына – 10,8%, фармацевтикалық өнімдерге 9% өсті», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ақылы қызметтердің бағасы бір жылда (2022 жылдың маусымынан 2021 жылдың маусымына дейін) 9,2%-ға өсті.

Қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне баға деңгейі 15,9%-ға, денсаулық сақтау – 14,7%-ға, санаторийлерге – 13,7%-ға, кешенді демалыс ұйымдарына – 13,2%-ға, шаштараз және жеке күтім қызметтеріне – 12%-ға, қонақүйлерге – 5,7%-ға өсті.

Жолаушылар тасымалы қызметі 4 пайызға қымбаттады.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында электр энергиясына – 7,5%-ға, қоқыс жинауға – 2%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,4%-ға, орталықтан жылытуға – 2,3%-ға, ыстық суға – 0,9%-ға тарифтер өсті», - делінген бюро хабарламасында.