×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматыда мопедші полицейді қағып кетіп, қашпақ болды

13.05.2023, 08:26
Ашық дереккөз

Алматыда мопед мінген курьер полицейді қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 12 мамыр күні сағат 16:00 шамасында Алматының Медеу ауданында болған.

Полиция қызметкерлерінің айтуларынша, олар Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында жүргізушісі шлемсіз жүрген мопедшіні байқайды. Ол жол сақшыларының тоқтату туралы бұйрығын орындамаған. Керісінше, жоғары жылдамдықпен жеке сектор арқылы жасырынып қаша бастайды. Мопедшінің әрекеті осылайша «күдік тудырады». Оның жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп тудырғаны атап өтілген.

«Тұйық көшеде мен мопедшіні жаяу қуа бастадым. Екі доңғалақты көліктің жүргізушісі бір кезде артқа бұрылып, әдейі маған қарай жүрді. барынша жылдамдықпен келіп маған соқтығысты. Мен құладым. Осы уақытта мопед жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, кедергіге соғылды. Содан кейін көп ұзамай ұсталды», - деді Алматы қаласы ПД патрульдік полиция полкінің инспекторы полиция аға лейтенанты Жәнібек Оразбаев.

Құқық бұзушы жеткізуші компаниялардың бірінің 23 жастағы курьері болып шықты. Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау фактілері тіркелді. Мопед жүргізушісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары заң жобасын қабылдағаны, оған сәйкес скутерлерге қатаң шектеулер енгізілгені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары