×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

ТикТок-ты енді ozen-ді жасаушы қазақтар жарып жатыр

13.05.2023, 11:23
Ашық дереккөз

Ozen музыкалық лейблін жасаушы Айзатулла Хуссейн қазақтардың неге TikTok-та танымал болып жатқаны және бұл платформаның мүмкіндіктері жайында айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды

Айзатулла Хусейн Ресей жақын арада ақпараттық тұрғыдан жабылады, сондықтан қазақтар дүние жүзіндегі бүкіл орыстілді аудиторияға контент жасай алатын санаулылардың бірі болады деп есептейді.

«Көршіміз Ресей жақын арада ақпараттық түрде жабылады деп ойлаймын.ТикТок-ты қазір қазақтар жарып жатыр. ТикТок арқылы бәрі қазақтарды көріп отыр. Бұл – факт.

Ертең Ресей жабылған кезде бүкіл әлемнің орыстілді аудиториясы үшін ақпаратты кім жасайды? Бұл, шамамен 200 миллион адам. Меніңше, бұл тек біздің қолымыздан келетін сияқты, біз әлдеқашан пісіп-жетілдік», - деді ол Астанада өткен лекцияда.

Ozen-нің негізін салушы қазақтар әлеуметтік желіде орыс тілінен бас тартпау керектігін баса айтты. Ол ішкі нарықты да, халықаралық нарықты да қамту үшін контентті қазақ және орыс тілдерінде түсіруге шақырды.

«Біз тілді қорғадық, бірақ енді гол соғу керек. Мәдениет пен ойды одан әрі жалғастыру керек. Иә, тіл өте маңызды, бірақ басқа тілдерде жеткізе алатын дүние әлі де бар.

Жігіттерге айтарым, бір спектакльді қазақша, екіншісін орысша көрсетейік. Қазір бізге көптеген әлемдік брендтер келді. ТМД-да басқа ешкім қалмағандықтан, олар бізге келді. Оны жіберіп алмау маңызды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары