×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Сауда министрі домбырамен күй тартты

03.07.2022, 15:01
Видеодан кадр

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарды домбыра күнімен құттықтап, күй тартты. Министр бұл видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Домбыра – қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан әлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Қазақ пен домбыра – бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым деуге болады. Жат жерде жүргенімде домбыра үнін естісем, туған елде жүргендей сезінем, жігерлене түсем”, – деп жазды министр.

Оның айтуынша, халқы­мыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. Осы игі үрдіс қазір де жалғасып келеді.

“Біз атадан балаға аманат болған асыл мұрамызды сақтап, қадір тұтуымыз қажет. Сондықтан ортақ құндылық – домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Ұлттық домбыра күні тағы да баршамызға құтты болсын! Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін!”, – деді Бақыт Сұлтанов.

Айта кетейік, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов еліміздегі қант бағасын бірнеше айдан бері реттей алмай келеді. Ulysmedia.kz порталы Қазақстанда қанттың қат өнімге айналуына кім кінәлі екендігі туралы мақала жариялады. Ал министр Бақыт Сұлтанов Қазақстанда негізгі тауарлардың дефициті болмайтынын, ал қант секілді импорт тауарлардың бағасы бәірібір өсетінін айтқан.

Сондай-ақ Қазақстанның ақ қант пен шикі қанттың бажсыз импортына арналған квотаны 2022 жылғы 31 қазанға дейін ұзартылды.