×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Мирзиёев Қарақалпақстанға барып, ақсақалдармен кездесті

03.07.2022, 17:30
Сурет: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев ел Конституциясына бірқатар түзетулер енгізуді көздейтін жобаға қарсы митингілер өткен Нүкіс қаласына барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Мемлекет басшысы Жекетерек махаласына барып, тұрғындармен кездесті.

“Жергілікті ақсақалдар соңғы оқиғаларда жастардың кейбір өкілдері қателесіп, сыртқы диверсиялық күштердің ықпалына түсіп, эмоцияға бой алдырғанын өкінішпен атап өтті. Өзбектер мен қарақалпақтар – екі тілде сөйлейтін бір халық, біздің еліміздегі бірлік пен бейбітшілікті бағалап, қорғау қажет”, – деді Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, таңертең Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстанның барлық аудандары қосылаған бейнеселекторлық кеңес өткізді. Хокимдер мен аудандардың құқық қорғау органдарының бастықтары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Мемлекет басшысының кешегі үндеуінен кейін жағдай тұрақталып, қалыпты жағдайға оралғаны атап өтілді.

Айта кетейік, жұма күні Нөкіс тұрғындары Өзбекстан Конституциясына өзгертулер енгізуге қарсылық білдіріп, көшеге шықты. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қоғамдық тәртіп қалпына келтірілген. осы жағдайға байланысты кеше Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатты

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзеев Қарақалпақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай жариялап, кеше конституцияға өзгертулер енгізуден бас тартқан болатын.