×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Ақмола облысында құқық қорғау органы қызметкеріне пара берген әкім сотталды

16.05.2023, 13:58
фото: ашық дереккөзден

Лауазымды тұлғаға пара бергені үшін Шортанды кентінің бұрынғы әкімі сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мәлім етті.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың 15 мамырында Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы Шортанды кентінің экс-әкімі Ц. Мәмбет 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын орта қауіпсіздік түзеу мекемесінде өтейді.

«Ол құқық қорғау органының қызметкеріне өзіне қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін 7,9 миллион теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Сотталған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары