×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақстандағы жәбірленушілер өтемақы қорынан 93 миллион теңге алды

06.10.2021, 01:25
Фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері 720 қазақстандық өтемақы алған. 2020 жылмен салыстырғанда өтемақы алғандар саны үш есе артты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов аталған қор мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайтынын айтты.

«Төлемдердің жалпы сомасы 93 млн 723 мың теңгені құрайды. 2020 жылы Қазақстанда жәбірленушілердің жалпы саны 262 адамды құрады», - дейді Санжар Әділов.

Аталған қор бес жерден қаржыландырылады, олар: қылмыстық құқық бұзғаны үшін сотталған адамдардан сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер, процессуалдық міндеттерді орындамағаны үшін сот тағайындаған ақшалай айыппұлдар, түзеу жұмыстарынан түсетін түсімдер, шағым негізінде талап ету жолымен жиналған ақша және Қазақстан заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер (демеушілік және қайырымдылық қызметі).

Жәбірденушілердің үш санаты үшін өтемақы төленеді:

Бірінші санатқа жыныстық зорлық-зомбылық құрбандары және адам саудасы мен азаптауға байланысты қылмыстардың құрбандары деп танылған кәмелетке толмағандар кіреді. Олар үшін өтемақы мөлшері шамамен – 90 мың теңге.

Екінші санатқа денсаулығына ауыр зиян келтірген немесе адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдар жатады. Өтемақы мөлшері шамамен – 120 мың теңге.

Үшінші санатқа жәбірленушінің өзі қайтыс болған жағдайда жәбірленушінің құқықтары берілген адамдар кіреді. Өтемақы мөлшері шамамен – 150 мың теңге.

Серіктес жаңалықтары